Жастардың арасындағы қалалық «Үздік маман» байқауының жеңімпазы Павлодар мұнай-химия зауытының технологиялық қондырғылардың 5-санаттағы операторы Ернар Тілектесов сапалы өнімді неғұрлым арзан бағамен шығаруды голландиялық мамандардан үйренгенін айтты.

- Екі жыл бұрын зауыт бізді Алматыға оқуға аттандырды, - дейді Ернар Тілектесов. – Сол жерде бізге голландиялық жаттықтырушы мұнай өңдеу және өзге де салаларда үнемдеуді үйретті. Мысалға, палауды алайықшы, үйде пісіргенде ол кейде тіл үйірер дәмді болып шықса, кейде онша жақсы шықпайды ғой. Бұл бағдарлама палауды тұрақты түрде дәмді пісіруді көрсетіп береді.

Ернар Тілектесовтің айтуынша, өндірісте енгізілген сәттен-ақ аталған бағдарлама нәтиже бере бастады. Сол арқылы өндірістік үдерісте артық шығындар анықталды.

- Бұрын кейбір тұстарға мән бермедік, кейбір ұғымдар туралы білмедік. Ал осы бағдарлама арқылы бір жылда жұмсалған артық шығын көрініп тұрады. Сол арқылы зауытымыз бір жылда 200, 300 мың АҚШ долларын үнемдеді, - дейді Ернар Тілектесов.

Айта кетейік, бүгін жастар бастамаларын қолдау орталығында қаламыздағы 2019 жылғы үздік жас мамандар марапатталды.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Ернар Тілектесов, мұнай, ПМХЗ, зауыт, өндіріс, доллар