Ұл баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама кеше түскен. Ер адам бірге тұратын әйелдің 16-сәуір күні ұлы жоғалып кеткенін айтқан. 

Кішкентай Артурды полиция және 5512 бөлімінің әскери қызметкерлері мен кинологтар, сондай-ақ арнайы иттер іздестірген. Отбасы «Мелиоратор» аймағында тұрады, сол жақтан бала хабарсыз кеткен.

- Бүгін таңертең бала қала сыртыдағы әскери-техникалық мектеп оқу автодромы маңынан тереңдігі екі метр шұңқырдан табылды. Артур дәрігерлердің қарауынан өтіп, облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. 42 жастағы анасына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы бойынша балаға салғырт қарағаны үшін хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау комиссиясына жолданады, - деді ІІД-де.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Гүлсара Тампишеваның айтуынша, баланың денсаулығына қатты зақым келмеген.

    -Артур таңертең сағат 10 шамасында ауруханаға жеткізілді. 16-сәуір күні жоғалғанына қарамастан оның денесінде жарақаттар табылмаған. Баланы хирург пен травматолог қарап шықты. Балақай соматикалық бөлімде, кейін балалар үйіне ауыстырылуы мүмкін, - деді бас дәрігердің орынбасары.

pavlodarnews.kz