Бұл туралы 24.kz жазды. Бүгінде ел омарташылары іріленген кооперативке бірігіп жатыр. Еліміздегі бал шаруашылықтарының 80 пайызы ел шығысында орналасқан. Өңір қожалықтарында балдың түр-түрі өндіріледі. Омарташы Валерий Қасымбаев басқаратын қожалық 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ресей, Моңғолиямен байланысқа шыққан шаруалар енді Қытай елінің тұтынушыларымен келісім жасасты. Отандық балдың 5 сұрпын саралап, тиісті деңгейде бағалаған олардың да табиғи таза өнімге деген сұранысы артып отыр.

Валерий Қасымбаев, омарта шаруашылығының жетекшісі:

-Бейжіңде құжаттарға қол қойылды. Енді біз Қытай еліне балды еркін тасымалдай аламыз. Негізі 2015 жылдан бері бұған тыйым салынған болатын. Жәрмеңке кезінде ғана аспан асты еліне 5 келідей бал апарып сатуға құқылы болдық.

pavlodarnews.kz