Бұл туралы Baq.kz тілшісі xабарлайды.

«Бүгінде 150 мың теңге бұл ең төмен жалақы, ең жоғары 400 мың теңге», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Сондай-ақ, Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметкерлердің ай сайынғы жалақысы жұмыстың сипаты мен күрделілігіне байланысты болатынын атап өтті. Бұл тек лауазымның деңгейін және мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін ескеретін дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді. Ол 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, Әділет министрлігінде, Астана және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінде пилоттық режимде еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілгенін атап өтті.

«Қаңтар айынан бастап бұл органдардың қызметкерлері еңбекақыны жаңа жүйе бойынша алады. Облыстық деңгейде ең төменгі еңбекақының көлемі 62 000-нан басталып 117 мыңға дейін. Бұл облыс әкімдіктеріндегі жетекші мамандардың деңгейіне байланысты. Ал орталықтағы қызметкерлер 84 мыңнан 134 мыңға дейін еңбекақы алады. Пилоттық режим аяқталған соң басқа да өңірлерге енгізу жоспарланып отыр», - деді ол.

pavlodarnews.kz

Тэги: