Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 9.12-де Надиров көшесінде орналасқан үйде қатты отынмен жылытылатын пештен ақау шыққан. Салдарынан 11 жастағы қыз бала мен 10 жастағы ұл бала жеңіл дәрежеде уланып қалған.

-    Қазіргі таңда балалар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда. Оқиға  орнында жеке құрамнан екі қызметкер мен бір техника жұмыс істеді, - деді департаментте.

Еске сала  кетейік,  жыл басынан бері тек қана Павлодар қаласы бойынша пештерден ақау кетуі салдарынан жеке тұрғын үйлерде 18 өрт шығып,  жеті адам ысты газдан уланған. Оның ішінде үш адам қайтыс болды және төртеуі түрлі деңгейде зардап шекті. Осыған байланысты төтеншеліктер жылыту маусымы аяқталғанға дейін пешті дұрыс орнату және пайдалану бойынша апта сайын рейд өткізуде.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам