Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жинында айналаны қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Антон Солопекин айтты.

- Бірнеше жыл бұрын алқызыл түсті қараторғайлар ұшып келетін. Оларға ұялар да орнатылған. Бүгінгі күні санитарлық аумақта құстар ғана емес, қояндар мен түлкілер де пайда бола бастады,  - дейді Антон Солопекин.

ҚЭЗ - Қазақстан тарихындағы жаңа және ірі индустриалды жоба. Зауыт елімізде алғашқы және жалғыз жоғары таңбалы бастапқы алюминий өндіруші. Қазақстан электролиз зауыты он жыл бойы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін отандық алюминий өндіруде.

Еске сала кетейік, биыл 2018 жыл - Павлодар облысында  экология жылы деп жарияланған. Осыған байланысты өңірлік билік басшылығы Ертіс өңірінің экологиялық жүйесіне баса назар аударады.

Ақбота Сейсенбаева


pavlodarnews.kz

Тэги: