Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Марат Шұғаев айтты.

- Бізге алдағы 2-3 жылдың ішінде әр ауданда кемінде бір сүт өнімі фермасын ашу жөнінде облыс әкімінің жеке тапсырмасы жүктелген, - деді Марат Шұғаев. - Сонымен қатар, өсімдікпен айналысатын шаруашылықтар міндетті түрде мал шаруашылығымен де айналысу керектігі айтылды. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Осы жылы жұмысқа кірісетін боламыз. Халық жәрмеңкеде арзан сүтке ұзын-сонар кезекке тұрады және үш-төрт сүт тасушы машиналарды бір-екі сағатта босатып тастайды. Өйткені, дүкендерде пакеттелген сүттің бағасы - 180-200 теңге. Алдағы уақытта сүт фермаларын көбейту арқылы бұл мәселе шешімін табады.

Спикер 2017 жылы пайдалануға берілу керек болған Павлодар ауданындағы сүт өнімдері фермаларына да тоқталды.

- Мәселен, «Луганск» ШҚ мен «Киров» ЖШС-гі фермалар өткен жылы дайын болған. Барлық жабдықтары сатып алынған. Тек құрылғылар уақытында орнатылмаған, - деді Марат Шұғаев.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: