Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зкрия Солтанғазинов айтты.



- Қазіргі таңда мердігерлік ұйымды анықтау мақсатында конкурстық  шаралар өтуде, - дейді  Зкрия Солтанғазинов. - Демалыс орнын қалыпқа келтіру мақсатында 170 миллион теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлім басшысының айтуынша, Майра көшесі бойында орналасқан саябақта жарықтандыру  жүйесі мен су құбырлары  тартылып, шағын сәулеттік нысандар, жаттығу құрылғылары  орнатылады.  Көгалдандырылып, ағаштар егіледі, балалар ойын алаңы мен жолаушылар жүретін тас жолдар салынады.

Бұдан басқа, биыл  шаһарда екі саябақта күрделі жөндеу, 39 саябақ пен алаңда ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Ақбота Сейсенбаева






pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, саябақ, көріктендіру