Pavlodarnews.kz тілшісіне өмірлік жолы, жетістіктері мен өз спорт түріндегі проблемаларды айтып өтті.
" /> Даңқты павлодарлық спортшы Олимпиада медалін қалай ұтқанын айтты
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Даңқты павлодарлық спортшы Олимпиада медалін қалай ұтқанын айтты 08.02.2022

Даңқты павлодарлық спортшы Олимпиада медалін қалай ұтқанын айтты

Наганодағы 1998 жылғы Қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Людмила Прокашева Pavlodarnews.kz тілшісіне өмірлік жолы, жетістіктері мен өз спорт түріндегі проблемаларды айтып өтті.

Атақты спортшы конькимен жүгірумен мектептің төртінші классында оқып жүргенде танысқан.

- Бір күні дене шынықтыру сабағына конькимен жүгіру бойынша жаттықтырушы келді, - дейді Людмила Прокашева. – Мен қазіргі кезде Камал Мақпалеев атындағы №4 мектепте оқыған едім. Ол мені таңдады. Өйткені, мен сыныптастарымның арасында жүйрік болдым. Менімен бірге секцияға барғандар көп болды, бірақ соңына дейін мен ғана қалдым. Бұл 1980 жыл болатын.
0a59a36a-fa59-42e2-8aa3-93af9d62a56f.jpg
Үш жылдан соң жасөспірім спортшы «Динамо» қоғамының бүкілодақтық жарысында жеңіске жетті. Дегенмен, ол кезде де Людмила Прокашева кәсіпқой спортшы боламын деген ойы болмаған.

- 1983 жылы мен небары 14-те болатынмын және сол кезде мені 60 сом жалақыға отырғызды, - дейді ол. – Анам ол кезде 70-80 сом алатын. Бірінші жалақымды қажетсіз ұсақ-түйекке жұмсағаным есімде. Одан кейін жаттықтырушым екеуміз жаңа конькиге ақша жинаймыз деп шештік. Білесіз бе, біздің жарысатын «Викинг» конькилері 1000 сом тұратын. Ондай ақшаға тіпті «Урал» мотоциклін сатып алуға болатын.
girl-athlete-speed-skating-shoveling-snow-skate-blades-chelyabinsk-russia-october-cup-russia-61458737.jpg
Бірінші ірі жеңістерден соң жас спортшы үлкен спортқа қадам басып, нағыз кәсіпқой спортшыға айналып келе жатқанын түсіне бастайды. Алайда алпауыт елдің – КСРО-ның ыдырауы сол кезге тұспа-тұс келеді де, бұл жайт спортшылардың ауыр шешім қабылдауына итермелейді.

- 1990 жылы Нидерланды елінде өтіп жатқан Еуропа чемпионаты кезінде КСРО құрамасының бас бапкері сөздің арасында маған Мәскеуге көшуге ұсыныс айтады. Мен жақсы жаттықтырушым бар деген сылтаумен басқа елге көшуден бас тарттым. Мен өз таңдауымды жасадым және оған еш өкінбеймін, - дейді ол.
5e2935b02cb8f864667476.jpg
Экономиканың құлдырауы, тұрмыстың нашарлауын спортшылар да сезіне бастайды. Соған қарамай, атлеттеріміз жаттығуларын жалғастырып, халықаралық деңгейде елдің даңқын асқақтатуға барын салды. Кейбір келеңсіз жағдайларды Людмила Прокашева күліп еске алады.

- 1998 жылы Наганоға жолдама алғаннан соң Олимпиадаға Медеуде дайындаламын деп шештім. Құраманың өзге мүшелері Италияға кетті. Медеудегі мұз жақсы болды. Бірақ бір қызықты оқиға орын алды. Ақшасы төленбегені себепті Медеуде тоқ сөніп, жігіттер таблоның дәл астында от жағуға мәжбүр болды. Сол отқа шайымызды қайнатып, жылынған кезіміз болды. Бірақ ол жағдайды соншалықты келеңсіздік деп қабылдағанымыз жоқ. Тұрмыс солай болды, - дейді Людмила Прокашева.
b5a5dbdc-9dfa-4a45-92f8-5946a73e001d.jpeg
Ең үлкен жеңісін 1998 жылы Наганодағы Қысқы Олимпиадада тойласа да, павлодарлық спортшы ең жұлдызды сәті ретінде 1992 жылғы Альбервиль Олимпия ойындарын айтады. Онда ол бесінші орын алады. Төрт жылдан соң Лиллехаммерде – төртінші болды. Содан кейін 1996 жылы Харбинде Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды. Барлық жеңістер жаттықтырушы мен спортшының қауырт жұмысының жемісі, дейді ол.

- Барлық мерекелер, тойлар мен Туған күндерімнен сырт қалдым, - дейді Людмила Прокашева. – Туған күндерімде міндетті түрде жаттығуда немесе жарыста болдым. Туған күндерімді үйде тойлаған кезім есімде жоқ.

1998 жылғы сәтті Олимпиададан кейін 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити ойындары павлодарлық спортшы үшін сәтсіз шықты. Содан соң ол спортпен қош айтысты.
lyudmila-prokasheva-new3.jpg
Қазіргі кезде Людмила Прокашева №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қысқы спорт түрлерінің меңгерушісі болып істейді. Даңқты спортшы павлодарлық жастар оның нәтижесін әлі жақсартады деп сенеді.

- Нәтиже жоқ емес, - дейді БЖСМ-1 қысқы спорт түрлерінің меңгерушісі Людмила Прокашева. – Балалар не үшін тер төгетінін жақсы біледі. Мысалы, біздің Андрей Зуев республикалық олимпиадалық резервті даярлау орталығында жаттығып жүр. Жақсы нәтиже көрсетіп жүрген басқа да жастар өсіп келеді. Балалар қаламызда жаттығып-ақ үлкен спортшыға дейін өсуге мүмкіндік барын көріп жүр.
bd3b469c-e45c-46c6-ac9a-325f4949218a.jpg
1998 жылы Наганодағы Олимпиадада қола медаль ұтқан атақты спортшы туған қаласы – Павлодарда конькимен жүгіруден стадион салынса ғой деп армандайды.

– Кішкентайлардың бәрі менің Олимпиада жүлдегері екендігімді біле бермейтін шығар. Ал үлкендерге сол медальді, әлем чемпионаттары мен Кубоктарында ұтқан медальдарымды әкеп көрсетемін. Олар соған қарай ұмтылсын деймін. Бұл атақтарымды Павлодарда жаттығып жүріп жеңіп алғанымды білсін деймін. Әрине, біздің спорт түріне сай инфрақұрылымның жоқтығы қынжылтады.

Людмила Прокашеваның пікірінше, нәтиже болуы үшін спортшылардан ештеңені аямау керек: атлеттердің «қарны тоқ» болса, олар да жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Алайда мұндай ұстаным өмірде көп кездесе қоймайды. Дегенмен, даңқты спортшы болашақта мұндай келеңсіздіктер тарих қойнауына кетіп, спортшылармыз Олимпиада жеңіс тұғырынан көрінеді деп нық сенеді.

Айбек Жұматов

Количество показов: 2915

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарлық пікірсайысшылар екі күн бойы сөз таластырды
21:37 03.07.2022  45

Қызылордалық Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысының» жеңімпазы атанды
20:55 03.07.2022  46

Сыр өңірінде көне домбыраға еуропалықтар қызығушылық танытты
19:35 03.07.2022  61

Ертіс ауданындағы ауылда киіз үйде өткен лагерьде балалар ұлттық қолөнерді үйренді
18:31 03.07.2022  73

Израиль күштері Жерорта теңізінен үш дронды атып түсірді
17:49 03.07.2022  55

Павлодарлық тоғызқұмалақшылар Азия Кубогінде бес медаль еншіледі
16:53 03.07.2022  68

Қазақстанда қонақүйлер статистикасы жарияланды
15:46 03.07.2022  66

Арқалықта бір мезетте 1000 домбырашы қазақ күйлерін орындады
14:32 03.07.2022  83

Павлодарда алғаш рет егіздердің фестивалі өтті
13:39 03.07.2022  84

Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізілді
12:41 03.07.2022  88

Кешке Ertis Promenade сахнасында Домбыра күні аталып өтеді
11:38 03.07.2022  92

50 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды - Антикор
10:40 03.07.2022  93

Таиланд туристерге арналған шектеулерді алып тастады
09:23 03.07.2022  96

Жексенбі Павлодар облысында күн ыстық болады
08:04 03.07.2022  99

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты
21:21 02.07.2022  123

Облыс әкімі Павлодарды абаттандыру жұмыстарын тексерді
20:13 02.07.2022  137

БҰҰ: 16 млн украиндық гуманитарлық көмекке мұқтаж
19:32 02.07.2022  117

Екінші Павлодарда биылғы кәріз жүйесі құрылысының жартысына жуығы аяқталды
18:28 02.07.2022  141

ПСЖ Неймар мен Мессиді трансферге қоймақшы
17:53 02.07.2022  114

Павлодарда уақытында асфальт төсемеген мердігер жазаланды
16:25 02.07.2022  144

Павлодар облысында дала өрті үш ауданның жеріне жайылды
15:41 02.07.2022  123

Павлодарда алғаш рет ашық аспан астында спорттың отыз түрінен жаттығулар өтті (ФОТО)
14:32 02.07.2022  161

Головкин: Карьерамды аяқтауға әлі дайын емеспін
13:34 02.07.2022  160

Павлодарда төртінші қабаттан құаған бала: Оқиғаның қалай болғаны айтылды
12:19 02.07.2022  135

Павлодарда үйін жуған суды тоғызыншы қабаттан шашқан тұрғын жазаланды
11:26 02.07.2022  131

Павлодарда үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
10:33 02.07.2022  167

АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісе алмады
09:16 02.07.2022  174

Сенбіде Павлодар облысында өрт қаупі сақталады
08:02 02.07.2022  165

«Saryarqa samaly» газетінің жаңа санында: Судан келер қауіп, музыкалық аспаптар шебері
22:29 01.07.2022  157

Павлодарлық оқушылар ұмытылған салт-дәстүрлерді жаңғыртты
22:06 01.07.2022  198

Ұлттық банк рубльдің неліктен нығайып келе жатқанын түсіндірді
21:34 01.07.2022  167

Павлодар облысында техникалық ақаулары бар автобустар үшін лауазымды тұлғалар жазаланды
21:07 01.07.2022  211

Украина Ресей азаматтары үшін виза режимін енгізді
20:35 01.07.2022  166

Павлодар облысының кәсіпкерлері микроқаржыландыруды қалай ала алады?
20:02 01.07.2022  163

Вице-министр павлодарлық жастарға өз әлеуеттерін ашуға кеңес берді
19:39 01.07.2022  210

Қазақстандықтар өздерімен құжат алып жүрмейтін болады
19:29 01.07.2022  168

Павлодарлық талапкерлер колледждерге бармай-ақ оқуға түсуге онлайн өтініш бере алады
19:05 01.07.2022  203

Ақсуда балалар алаңында газон жанды (ВИДЕО)
18:35 01.07.2022  164

Павлодар – Қызылорда автожолында тіркемесі бар көлік қоршауға соғылды (ВИДЕО)
18:03 01.07.2022  197

Кеш қалды: Павлодар облысында шегірткелердің қаптауына не әсер етті?
17:23 01.07.2022  170

Ақтоғай ауданының жас тілшілері «Ертіс медиа» холдингінде онкүндік өткізді
17:10 01.07.2022  337

Қазақстан «сары» аймаққа өтсе, Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынады
16:46 01.07.2022  226

Павлодар облысында алаяқтар көшедегі азаматтарды тоқтатып, несие ресімдеген
16:01 01.07.2022  246

Өзбекстанда COVID-19 вирусының бұрын белгісіз мутациялары анықталды
15:22 01.07.2022  189

Павлодарда кезекші ХҚКО сенбі күндері жұмыс істейтін болады
15:04 01.07.2022  215

Жалғызбасты ата-аналарға қашықтан жұмыс істеу құқығы берілуі мүмкін
14:20 01.07.2022  298

Павлодарда жедел жәрдемге кедергі келтірген жүргізушіге айыппұл салынды
13:31 01.07.2022  249

Коронавирус қайтадан ушығып жатыр
13:02 01.07.2022  209

Павлодар облысы еркін күрестен ел чемпионатында командалық есепте бірінші болды
12:32 01.07.2022  261

Ақсуда жұмысшы қаза тапты
12:05 01.07.2022  284

Ақсуда бесінші шағын ауданда ыстық су өшіріледі
11:32 01.07.2022  208

Жапония соңғы 150 жылдағы ең қатты ыстықтан зардап шегіп жатыр
11:02 01.07.2022  284

Павлодарда жұмысшы тереңдігі 7 метрдей бункерге құлап кетті
10:43 01.07.2022  233

Павлодарда бірнеше жалған компания құрған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты
10:05 01.07.2022  264

1 шілдеден бастап не өзгереді
09:42 01.07.2022  210

Павлодарда 100 бала «Әлқисса» күйін орындады
09:08 01.07.2022  220

Ақмола облысында қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды
08:31 01.07.2022  210

Жұма күні Павлодар облысында жел мен ыстық ауа райы күтіледі
08:02 01.07.2022  244

Павлодарда жабық фермерлік базар мен олимпиадалық резервті даярлау орталығы ашылады
22:04 30.06.2022  265

1 шілдеден бастап ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді
21:46 30.06.2022  246