Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан байланыстың бесінші толқынын енгізуге дайын - Дәурен Абаев «Жыл басынан бері Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша құжаттардың қағазсыз айналымы негізінде жобаларды бастап кеттік. Бастапқы уақытта бұл пилотты жоба болғанымен, 1 шілдеден бастап барлық өңірлер жобаны жұмыс барысында енгізіп үлгерді. Медициналық-ақпараттық жүйелерді енгізген медициналық ұйымдар бүгінгі таңда қағаз түрінде жазбаны толтырмай-ақ қоюларына болады. Әлбетте, өңірлерді аралап, дәрігерлердің цифрландыру турасында ой-пайымдарын тыңдап жүремін. Бастапқыда қағазсыз жұмысқа ақ халаттылар бой үйрете алмағанымен, қағаз айналымнан бас тарту біршама үнемге мүмкіндік беретіндіктен, әрбір медициналық ұйымдар қағаз айналымнан ай сайын 13-14 миллион теңгеге дейін үнемдеп отыр. Біз осы үнемделген қаражатты дәрігерлердің айлықтары қорына аударуды ұсындық», - дейді Олжас Әбішев. Вице-министрдің айтуынша, осыдан кейін көптеген медициналық персоналдардың басым бөлігі Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасын қуана қолдаған. «Шынында да, зор үнемдеуге қол жеткізіп отырмыз. Екіншіден, үнемделген қаражат бюджетке қайтарылмай, айлық қорына аударылады. Демек, дәрігерлер осы басымдықты түсініп отыр. Үнемделген қаражатты осылайша шешілуі тиіс мәселені реттеуге жұмсаймыз», - деді Олжас Әбішев.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: