Байқау 6 қарашада басталып, бірнеше қатысушы тіркеліп үлгерген.

- Қатысушы атану үшін құжаттарды телефон арқылы қалай рәсімдегенін айтып, Инстаграм немесе Фейсбук парақшаларында пост жариялауы тиіс. Міндетті түрде #ПроактивтіПерзент хештегін қоюды ұмытпауы керек, - дейді ХҚКО қызметкерлері.

Апта сайын лүпілдердің санына қарай байқау нәтижесі шығарылады. Өткен аптаның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының тұрғыны Дильнара Жаукенова сайыстың алғашқы жеңімпазы атанды.

- Дильнара Жаукенова осы жазда аман-есен босанып, перзентханада жатып-ақ телефонның көмегімен өз қызына туу туралы куәлік жасатқан. Сондай-ақ баланы балабақшаға есепке қойып, ХҚКО-на бармай смс арқылы тиесілі жәрдемақыларды рәсімдегені жайлы жазған еді. Бүгін біздің жерлесіміз – «Проактивті перзент» республикалық акциясының алғашқы жеңімпазына сыйлық табыс етілді, - деді ХҚКО PR-менеджері Мейрамгүл Есімова.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ХҚКО, байқау