Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры басшысының орынбасары Дәурен Әділ алматылық қонақтар 5 қойылымын паш ететінін айтты.

- Ғабит Мүсірепов атындағы театр төрт күн бойы көрерменнің назарын аудармақ, - деді Дәурен Әділ. – Бүгін алғашқы қойылымдарын «Жусан исі» драмасымен бастауда. 17-20- сәуір аралығында «Әріптер әлеміне саяхат» танымдық ертегісін ұсынатын болады. Ал, 18 сәуірде «Ұмытыңдар оны...» трагикомедиясы, 19 сәуірде «Енелер мен келіндер» комедиясы, 20 сәуірде «Қызыл орамалды шынарым» драмасын тамашалауға болады.

Өнер ұжымын аталмыш театрдың директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрерменнің сүйікті актері Азамат Сатыбалды бастап келді.

Сондай-ақ Павлодар төрінде театр әртісі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Естайдың ұрпағы Динара Әбікеева өнер көрсететін болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, театр, мәдениет