Штаб өкілдері Қазақстан коммунистік халық партиясының, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс президент сайлауына ұсынған үміткерлерінің қаламыздағы штабтарының жұмысымен танысып, сауалдарына жауап берді. Азаматтық платформаның өңірлік өкілдігі президенттікке үміткерлердің облыстағы барлық штабтарын аралап шығуды көздеуде.

«Аманат» азаматтық платформасының облыстық штабының өкілі Алма Қозбаеваның айтуынша, сайлау әділ өтетініне сенім мол.

- Біздің ұйым белсенді азаматтардың бастамасымен құрылдық, - дейді Алма Қозбаева. – Басты мақсат – сайлауға мониторинг жасау. Әрбір үміткердің мүмкіндіктері бірдей болуы керектігін бір сәт ұмытпауымыз тиіс.

Алма Қозбаева айтып өткендей, «Аманат» уақытша құрылған ұйым емес. Азаматтық платформа кезектен тыс президенттік сайлау аяқталғаннан кейін де қызметін жалғастырады.

- Біздің бақылаушыларымыз сайлау учаскелері жабылғанға жұмыс істейтін болады, - дейді «Аманат» өкілі. – Жұмысымыз ашық жүргізіледі. Егер бір азамат сайлау науқанының әділ өткеніне күмән келтірсе, біздің штаб есіктері ашық. Келіп себептерін бірге іздейік.

Айта кетейік, 9 маусымда Павлодар облысында «Аманат» азаматтық платформасының 1000 бақылаушылары мен 20 мобильдік капитандары жұмыс істейді.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: сайлау, президент, бақылаушы, «Аманат» азаматтық платформасы