Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде университет қызметкерлері мен студенттер өз қолымен дайындаған заттарын сатылымға қойды.

- Бұл шара өте маңызды, - деді жастар саясаты департаментінің басшысы Ғабит Хафиз. – Өйткені бұл жалғыз басты қарттарымыз бен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған. Жәрмеңкеде көбінесе студенттердің қолымен жасалған заттар сатылды. Сондай-ақ демеушілік танытқан «Вeauty shop» косметикалық заттар дүкеніне, «Redmoon» суши және пицца дүкеніне, «Тортилия» ЖШС мен «Тортики Асия» торт жасаушыларына алғыс білдіремін. Жақсылық жасап жарысайық. Басқа мекемелер мен ұжымдарды осы бастаманы қолдауға шақырамыз!

Жәрмеңкеде сатылған заттардан 83200 теңге қаржы жиналып, «Самал» қалпына келтіру орталығына тапсырылды.

Айта кетейік, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар мекендейтін «Самал» қалпына келтіру орталығының ғимараты жеке меншікте болғандықтан сатылымға қойылған. Енді «Самал» орталығы ғимаратты сатып алу үшін қаржы жинауда.

Оразбек Саяхат
Фото: ПМПУ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПМПУ, жәрмеңке, қайырымдылық, қарттар, Самал