«Дайк» ЖШС учаскесінің басшысы Александр Рябцевтің айтуынша, мердігер диаметрі 400 мм болатын 2,5 мың метр құбыр және 4 мыңға жуық диаметрі 200 мм құбыр салуы тиіс. Бұған 5-8 адамнан тұратын екі топ, сондай-ақ жабдықтардан: манипулятор, жүк тиегіш, экскаватор және екі КамАЗ жұмыс жасайды.

- 8 айға жоспарланған жобаны жылдың соңына дейін аяқтау керекпіз. Димитров көшесінен Малайсары батыр мен Архангельская көшесіне дейін, 400-ші коллектор және кварталаралық желінің сегіз көшесіне құбырлар төсейміз. Оған қоса, жеке сектор мен үш сорғы станциясын қосу үшін 5 құдық орнатамыз. Біз құдықтарды орнатып, жер асты суларын құрғатамыз. Бұнда негізгі 400-ші коллекторды орнату жұмыстары басталды. Құбырлар 4-6 метр тереңдікте орналасады.

Оның айтуынша, бюджет есебінен мердігерлер тек орталық құбырларды жүргізетін болады. Тұрғындар кәріздерді үйлеріне өз қаражаттары есебінен тартады. Жаңа кәріз жүйесі Малайсары батыр мен Минин көшелерінің қиылысындағы орталық коллекторға құяды.

Шағын аудандағы кәріз жүйесі пайдалануға берілгенге дейін техникалық және авторлық қадағалаудан, қысыммен сынаудан және қалалық су арнасының гидравликалық сынағынан өтуі қажет.

- Бұл шағын ауданда кәріз жүйесі жоқ және ешқашан болмаған, - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ардақ Омаров. – Бүгінгі күні ең алдымен Екінші Павлодардың кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл құрылыспен 9-10 көшені қамтимыз. Оның ішінде өздігінен ағатын құбыр мен қысым арқылы ағатын құбыр бар. Бірінші кезектегі келісімшарт 316 миллион теңгеге жасалған. Сонымен қатар, қалған бес көшені қамтитын екінші кезектегі жоба әзірленді. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті. Оның құны қалалық және облыстық бюджеттерден 180 миллион теңгені құрайды.

Ардақ Омаров сондай-ақ, қалада, оның ішінде Екінші Павлодар және Зеленстройды қоса алғанда жер асты суларының басуы мәселесін шешу үшін Павлодарда дренаждық кәріз желісінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатқанын атап өтті.

Дулат Райымбек
Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Екінші Павлодар, су, кәріз, құрылыс