- 2019 жылы 16 маусымда жол-көлік оқиғасы орын алды, - дейді департаментте. - Жаңбырлы күндердің бірінде түнгі сағат үш шамасында жүргізуші 32 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы орнынан ізін жасырған.

Ер адам көптеген жарақаттармен Павлодар қаласы ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қысқа мерзімде «Hyundai Accent» маркалы автокөлігі мен 38 жастағы жүргізуші ұсталды.

Оқиға орнынан бой тасалаған Павлодар қаласының тұрғыны өзінің әрекетін қорқып қалғандығымен түсіндірген.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам