- Қалалалар мен аудандардың әкімдері экспериментті түрде егілген қант қызылшасы алқаптарында жапырақтарды жеп қоймау үшін әрбір бүрге мен шыбын-шіркейді бақылауы тиіс. Сосын ертең бізде қант қызылшасы өспей жатыр деп айтасыздар. Әкімдер фитосанитарлармен бірге барып көруі тиіс.

 «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының ақпаратына сүйенсек, 2019 жылы мамыр-маусым айларында қант қызылшасы алғаш рет эксперимент жүзінде егілген. Тұқым Германия елінен сатып алынған.

25-27 маусымда Алматы облысынан сарапшы ретінде шақырылған Аманбек Рахымбеков қант қызылшасы алқаптарын аралап шығып, мониторинг нәтижесінде бірқатар олқылықтар анықталған. Нақтырақ айтатын болсақ, тұқымды егу мамандандырылған техникамен жүргізілмеген. Нәтижесінде тұқымдар 3 см тереңдіктен шығып, тегіс орналаспаған. Топырақ жеткілікті деңгейде өңделмеген және гербицидтармен өңдеу жүргізілмеуі салдарынан арамшөп басып кеткен. Тұқым егудің белгілі бір мерзімі белгіленбеген.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Павлодар облысында қант зауыты салынады. Осыған орай өңірде 10 ірі шаруа қожалығы KWS неміс брендінің қант қызылшасын отырғызған. Зауыт жылына 100 мың тонна қант өндіреді және 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Ол үшін Ақсуда зауытқа қажетті 70 гектар жер бөлініп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі құрастырылған және инженерлік желілерге қосылу мәселесі шешімін тапты.

Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 6000 тонна қызылша өндіруге мүмкіндік береді. Жалпы құны 150 миллион долларды құрайтын жобаны жүзеге асыру үшін АҚШ, Еуропа және Ресей Федерациясының тәжірибесі зерттеліп, құрамына облыстың он ірі шаруашылығы енетін «Павлодар Қант» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды.

Ақбота Сейсенбаева


Фото: Ольга Бугаева, Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, Болат Бақауов, эксперимент