Май ауданына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа сумен жабдықтау желілерінің құрылыс қарқыны туралы айтылды.

Сәуір айында басталған жұмыс осы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда. Жұмыс аяқталған соң барлық жаңа абоненттер Май ауданының топтық су жүйесіне қосылады.

Тұтынушылардың көп бөлігі Көктөбе ауылында орналасқан. Онда 524 абоненттің 431-і қосылған. Жалпы алғанда, екі мыңнан астам абонент ауданның орталық су жүйесіне қосылады.



Өңір басшысы су тарифі өте жоғары болған Ертіс ауданындағы ауыл тұрғындарын Беловодск топтық сумен жабдықтау жүйесіне қосу тәжірибесін еске түсіріп, жергілікті билік органдарынан Май ауданында сол жағдайдың қайталанбауын талап етті. Судың құнын төмендету нұсқаларының бірі - топтық сумен жабдықтау жүйесіне жаңа ауылдарды қосу.

- Мысалы, бүгінде Май ауданымен шектесетін Ақсу ауылдық аймағының үш елді мекенінде су құбырларын тарту құрылысы бойынша жобалар дайын, - деді облыс әкімі. – Бұл төрт мыңға жуық адам тұратын Мәмәйіт Омаров, Құркөл және Еңбек ауылдары. Егер осы ауылдардың әрқайсысында ұңғымалар бұрғылап, сорғы станциялары мен басқа да инфрақұрылымдар орнатса, бюджеттен шамамен бір миллиард теңге кетеді. Егер осы ауылдарға Май ауданының топтық су жүйесінен құбыр тартсақ, ол әлдеқайда арзан болады. Бұл жағдайда судың дебеті кепілдендіріледі, желіге қызмет көрсететін мамандар бар, ал тұтынушылар үшін тариф төмен болады. Бұл нұсқаны тез арада зерттеу керек.



Еске салайық, Май ауданындағы топтық су құбырының құрылысы 2010 жылы басталған. Алайда, 2012 жылдан бастап құрылыс тоқтатылды. Жобаның әр түрлі түзетулерінен кейін ауданда қажетті инфрақұрылым құрылысын бастауға бірнеше рет тырысқан болатын.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Май ауданы, су жүйесі, ауыл тұрғындары