Бұл туралы 24.kz жазды. Бұдан былай есту қабілеті нашар адамдар өзгелермен әңгіме-дүкен құрып, ән тыңдап, мың бұралып билей алады. Оған украиналық өнертапқыштар сенімді. Солардың бірі – Виталий. Бала кезінен дыбыстың 10%-ын ғана естиді. Бірақ бұл кемшілік оның табысты адам болуына тосқауыл болған жоқ. Ол өзінің достарымен бірге естімейтін жандарға көмекші құрал болатын мобильді қосымша ойлап тапты.

- Қосымшаға төрт түрлі қызмет орнатылған. Біріншісі – Sound Monitor. Нейрондық желі негізінде жұмыс істеп қана қоймай, жағдайға бейімделетін алгоритіммен құрастырылған. Ол көлік даусы, иттің үргені немесе адамның айқайы сынды қауіпті дыбысты бірден айырып, телефоныңыз дірілдеп немесе жарық арқылы белгі береді, - дейді Bewarned жобасының авторы Виталий Потапчук.

Келесі қосымша Connect деп аталады. Бұл естімейтін адамаға сөйлеуге мүмкіндік береді. Яғни айтқан сөзіңді бірден мәтінге айналдырады немесе, керісінше, жазғаныңды дауыстап оқып береді. Виталий ойлап тапқан тағы бір қосымша көңіл көтеруге арналған. Бұл дыбысты діріл арқылы графикалық жарықтармен көрсетеді. Сының көмегімен әуеннің ырғағын анықтауға болады. Тағы бір пайдалы қосымша – жедел көмек. 

pavlodarnews.kz