Естай атындағы мәдениет сарайында өткен олимпиаданың жабылу салтанатына барлық өңірлерден келген 21 команданың құрамында 764 жас зияткер қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен және алтын медальмен 62 оқушы, екінші дәрежеді дипломмен және күміс медальдармен 107 оқушы, үшінші дәрежелі диломмен және қола медальдармен 177 оқушы марапатталды. Бұдан басқа, қола медаль жеңіп алған оқушыларға - монопод, күміс жүлдегерлерге - смартфондар, зияткерлік жарыстың жеңімпаздарына - ноутбуктар сыйға тартылды.

"Үздік олимпиадалық команда" аталымында бас жүлдені Павлодар облысы жеңіп алды. Алматы қаласының физика-математикалық республикалық мектебі, Жамбыл облысының қазақ-түрік лицейі, Павлодар қаласының № 8 мектеп лицейі, Алматы қаласының № 165 мектебі және "Жас дарын" мамандандырылған мектебі "Үздік олимпиадалық мектеп" атанды.

Ақмола облысынан информатика пәні бойынша өз білімін көрсетуге келген Амирлан Шәріпова олимпиаданың ең жас қатысушысы, Қостанай облысы Түпқараған ауданы Ақшүкір ауылдық мектебінен келген физика білгірі Анель Аменова ауыл мектебінің үздік оқушысы атанды. Қостанайлық ұстаз Шырынгүл Жауперова "Үздік ауыл ұстазы" атағына лайық деп танылды.  

Тұмар Бекжан

 

pavlodarnews.kz