Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Аталмыш департамент басшысының орынбасары Данияр Андасовтың айтуынша, 2019 жылы ведомство мамандары 58 тексеріс жүргізген. Сонымен қатар, қосымша кестеге сәйкес облыста ерекше тәртіп бойынша у және жарылғыш заттар мен пиротехникалық өнімдер айналымдары бойынша 3 тексеріс жүргізілді.

- 2019 жылы облыс кәсіпорындарында 1 апат орын алды, - дейді Данияр Андасов. - Атап айтқанда, «Технологиялық желілер» ЖШС фирмасында апат болды. Оның салдарынан 2 адам зардап шекті. Апат пештің қаптамасында пайда болған жарықтың салдарынан болды. Соның салдарынан қаптамадан сұйық металдың өтуі орын алып, салқындатылатын индуктор қызып кеткен. Нәтижесінде салқындатқыш сұйықтықтың бірден бу түзілуі және индуктордың төменгі контурының суыту шлангілерінің үзілуі орын алып, балқытылған металдың сумен жанасуы орын алды. Бұл өз кезегінде жарылысқа әкеп соқты. «Axiom DE» ЖШС сараптамалық қорытындысы негізінде қаптаманы дайындау технологиясының жетілмегендігі апаттық жағдайға әкеп соқты.

Сондай-ақ департамент басшысының орынбасары тіркелген 49 оқиға «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО/ПАЗ, «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы , Компания Нефтехим LTD, «ПМХЗ» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, «ЕЭК» АҚ разрез «Восточный» кәсіпорындарында болғанын атап өтті.

- Оқиғаларды тексеру барысында қазандық агрегаттарының технологиялық бұзылулары күлдің тозуы, кристалларалық коррозия, қызып кету, құбырлы жүйе элементтерінің күюі, жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне байланысты болған, - дейді Данияр Андасов. - Дәнекерлеудің бұзылуы, монтаждың ақаулары күрделі жөндеулерді орындауға тартылатын мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің төмен біліктілігіне байланысты.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Ольга Бугаева 

pavlodarnews.kz

Тэги: