Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Спортшымен кездесу барысында аймақ басшысы Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет павлодарлық боксшы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алғанын атап өтті.



- Бұл Павлодар облысы үшін де, бүкіл еліміз үшін де өте елеулі оқиға, - деді спортшы мен оның жаттықтырушысына Әбілқайыр Сқақов. – Әрине, сіз көп уақыт пен күш-жігеріңізді осындай жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін  жұмсағаныңызды ескерсек, ең алдымен бұл – сіздің еңбегіңіз. Осындай үлгі аларлық істерге қарап, біздің өскелең ұрпақ спортты таңдап, республикалық және әлемдік аренада өңірімізді даңққа бөлейді деп үміттенемін. Өз тарапымнан олимпиадаға дайындалуға барынша қолдау көрсетемін.



Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығына Серік Теміржанов наурыз айының басында Иорданияда өткен іріктеу турнирінде ие болды. Өкінішке орай, бүкіл әлем бойынша коронавирус пандемиясына байланысты олимпиаданы өткізу 2021 жылға ауыстырылды.

- Шын мәнінде осындай үлкен турнирде рингке шығуға үлкен ниет бар, бірақ өміріміз әрқайсымыздың жоспарларымызға өз түзетулерін енгізді, - деді Серік Теміржанов. – Енді менің әлемдік аренада өнер көрсетуге дайындалуға уақытым жеткілікті.



Павлодар облысының әкімі боксшыға және оның бапкерлік штабына алдағы уақытта табыс тіледі және Серік Теміржановқа өңірлік спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Серік Теміржанов, бокс, спорт