Өңір басшысы Ертіс өзені тасыған жағдайда облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы қансорғыштардан құтқаруға көмектесе алмайтынын атап өтті. 

- Препараттың саны мен мерзімі дебитке есептеледі, - деді облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің басшысы Ирина Сорокина. – Біз жайлымға толықтай шашырата алмаймыз. Ертіс өзенінің арнасын ғана қамти аламыз. Сондықтан 15-мамырда өзен арнасына түсу керек.

Данияр Әлиевтің айтуынша, 2017 жылға арналған кесте құрылған және келесі жылы да осындай жоспар болады. Өткен көктемде 7-мамырға дейін жіберіп үлгердік, 14-мамырда су жіберу тоқтатылды. Қазіргі таңда су жіберуді болжау әзірге ерте. Себебі, қар қоры туралы ақпарат жоқ, дегенмен 2018 жылы Бұқтырма су қоймасынан биылмен салыстырғанда шамамен миллиард кубқа су аз түсетіні белгілі болды.

Сарапшылардың пікірінше, келесі жылы шыбын-шіркейдің санын төмендету үшін Ертіс өзені тасығаннан кейін 15-мамырда арнасына түсуі керек.

Ақбота Сейсенбаева

 

pavlodarnews.kz