Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

Биыл 8 наурыз мерекесі бейсенбі күнге тура келеді. 9 наурыздағы жұмыс күні ҚР Үкіметінің қаулысымен 3 наурыз, сенбіде өткізіледі. Осылайша, қазақстандықтар 8 наурыздан 11-іне дейін төрт күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге қатысты.

ҚР Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мекере күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне өткізуге құқылы.

Наурыздың 21-інен 23-іне дейін - сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері елде Наурыз мейрамы тойланады. Демек, қазақстандықтар ол аптада қатарынан бес күн демалады.

Жалпы, 4, 17, 18 және 31 наурыздағы демалыс күндерін қоса есептегенде, Қазақстан халқы көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

pavlodarnews.kz

Тэги: