Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.

Соның ішінде қалалықтар 10 439,6 мың (57,4%), ауылдықтар - 7 738,1 мың адамды (42,6%) құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда 33,3 мың сәби туған, бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 4,4% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,42 туылғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 13,1% көбейіп, 21,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,83 адамды құрады.

2018 жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейінгі 317 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,1% көбейді.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтарда 146 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 64 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан - 29 немесе 9,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 11 немесе нәрестеердің 3,5% проценті қайтыс болды.

2018 жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 сәбиге шаққанда 9,53 нәрестені құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,2% кеміп, 1 360 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 34,9% көбейіп, 2 258 адам құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 78,1%;

ТМД елдерге кеткендердің үлесі 86,7% құрады. Ө

ңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,3% кұрады.

Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

Астана қаласы - 1 058 адам;
Алматы қаласы - 3 549 адам;
Ақмола облысы - 157 адам;
Маңғыстау облысы - 26 адам.

pavlodarnews.kz

Тэги: