«ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциясының желісі 15-сәуірде 08 сағат 05 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 786 шақырым жерде, Шығыс Қазақстан облысы аумағына орналасқан. Энергетикалық сыныбы - 8.9. Магнитудасы - MPV 4.1. Тереңдігі - 10 шақырым.

pavlodarnews.kz

Тэги: