Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында білім ордасының директоры Гүлназ Жүкенова хабарлады.

- Ұлыс күнін ауқымды тойлау арқылы біз халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметімізді көрсетеміз - дейді мектеп директоры. - Ол жас ұрпақ үшін аса қажет. Өз басым облыс әкімінің Наурызды 40 күн тойлау туралы идеясын толық қолдаймын.

Айта кетейік, өткен жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 17 киіз үй бой көтерсе, биыл 19 киіз үй орнатылды. Олардан тек мектеп ұжымы емес, кез келген облыс тұрғыны дәм тату мүмкіндігіне ие болды.

- Әдеттегідей бәріміз бұл күні қолөнер көрмесін тамашалап, алтыбақан тептік, ұлттық асханамыздың дәмі тіл үйірер тағамдарынан ауыз тидік. Наурыз аясында біз алғаш рет волейбол, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша жарыстар өткіздік. Бұл сайыстарға Семей мен Өскеменнен келген Назарбаев мектептерінің ата-аналары қатысты, - деп атап өтті Гүлназ Жүкенова.

Бүгінгі таңда Павлодардағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 703 оқушы оқиды. Білім ордасы 2013 жылы салынған.

Думан Асқарбек
Фото: НЗМ

pavlodarnews.kz

Тэги: Наурыз, Павлодар НЗМ, мәдениет, қоғам