«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
«Алла» деген ағайын, алданбаңыз 14.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз

Бүгінгі заманның күні күнгейленіп, «жә» дер жақсылығы күн санап сүбеленіп келе жатыр десек те, көңілге көлеңке түсірер алалығы мен жамандығы да қосарланып, ізгіліктің ығынан қалар емес. Алланың атымен, маңдай терлетпей, аңғал жандардың «ала жібін аттап», алдындағысына қол сұғып, мал табатындар «арыма ақау кірді-ау» деп ойламайды-ау, сірә. Олар - бүгінгі күннің ағымына, ыңғайына бейімделіп, құқық нормаларын айналып өтетін небір әрекеттер ойлап табуда. Қара бастың қамы үшін құйтырқылыққа барып жүргендер өз ағайындарымыз. Өкінішті-ақ.

Әңгімемізге өзек болып отырған осындай келеңсіз жағдай, біздің ауданда қыркүйек айының басында орын алған еді.

Сөз төркіні мынау. 10-қыркүйекте Ертіс ауданы ІІБ қызметкерлері Ленинск-Русская Поляна тас жолы бойында ВАЗ-2140 «Нива» автокөлігін тоқтатқан. Өздерін Алматы қаласындағы «Алматы Сайран» қайырымдылық мекемесінің қызметкерлеріміз деп таныстырған азаматтардың көлігінде ешқандай куәландыратын құжатсыз сегіз қойдың еті болған. Полиция қызметкерлеріне күмәнділеу көрінген азаматтар, «оңай олжаларын» жыл сайын жиналатын зекет садақасы еді деп түсіндірген.

Осы оқиғаның қыр-сырын анықтау мақсатында, Ертіс ауданы әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі дін істері жөніндегі әдіскері, жоғары білімді дін маманы Дархан Зайырұлы Мусин және осы жолдардың авторы, жолға шықтық. Бізге белгілісі, олар аралап өткен елді мекендер, ауданның солтүстік-батыстағы шеткі нүктесі Сілеті ауылдық округіне іргелес СҚО Ш.Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат және Жасқайрат ауылдары еді.

Ең бірінші Қайрат ауылына табан тіредік. Бұл ауылда садақа берген үш адаммен жолықтық. Үшеудің бірі жасы келіп қалған қария екен. Алыс шаһардан ат арытып келген кімдер еді деген сұрағымызға ол ақсақал:

«Олар өздерін Павлодар қаласындағы «Мұрагер» медресесінің қызметкерлеріміз деп таныстырды. Былтырғы жылы осы азаматтар келгенде жолаушылап кетіп, үйде болмай, бере алмаған едім, «Алла» деп, соның жолында жүрген адаммын (қария ауыл имамы екен), менің жасымда өмір жолымның сөресінен мәресі жуық, сөздерінен ниеттері дұрыс шығар деген оймен осы келгенде бір қой бердім» - деп ағынан жарылды.

Қария «Мұрагердің» медресе емес екенін, олардың шәкірттерге діни білім беруге рұқсаты жоқ, тек қана қайырымдылық мекемесі екенінен мүлдем хабарсыз болып шықты. Бұдан соң жолыққан екі ауыл тұрғыны бірі ақша, бірі бір қой бергендерін айтты. Сөзуарлау біреуі былтыр да бергенін, олардың жыл сайын келетінін, биыл да сол өткен жылғы азаматтар келгенін айтып, ауыл тұрғындарына медреседе оқитын шәкірттердің суреттерін көрсеткенін, бірақ бұл ауылдан ол оқу орнында оқитын балалардың жоқ екенін де мәлімдеді.

Жасқайрат ауылында бір азаматқа жолықтық, мінезі ашық, ақжарқын жігіт екен. Бүкпесіз шынын айтып тұрғаны көрініп тұр.

«Алла» деген адаммын, отбасы бала-шағамның, мал-жанымның амандығы үшін жылда садақа беремін. Былтыр бір қой берсем, биыл бір жарым жасар тайынша бердім. «Мал жанның садақасы емес пе?» - деп адал ойын айтты.

Зекетті жинаушылар кімдер еді деген сұраққа ауыл тұрғыны:

«Мұрагер» медресесінің ұстаздары» - деп жауап берді.

Кездескен адамдардың айтуынша, өздерін Павлодар қаласындағы «Мұрагер» медресесінің қызметкерлеріміз, шәкірттерге діни сабақ береміз деп таныстырған әлгі азаматтар осы шалғайдағы елді мекендерге зекет жинауға жыл сайын келеді екен. Әрбір үйге ерінбей кіріп, өздерін медресе ұстаздарымыз деп таныстырып, тіптен ауыл тұрғындарына медресе мен шәкірттердің суреттерін де көрсететінін естідік.

Зекет берген кісілермен кездесу барысында Дархан Зайырұлы оларға «Мұрагердің» әділет органдарында қайырымдылық мекеме ретінде тіркелгенін, сол себептен оның ешқандай да медресе болып табылмайтынын және діни қызметпен айналысуға құқығы жоқ екенін түсіндірді. Павлодар облысы аумағында заң жүзінде тіркелген бір ғана «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі бар екенін және оның облыс орталығының қасындағы Павлодар ауылында орналасқанын жеткізді.

Д.Зайырұлы діни қызметпен айналысу заңда беліленген тәртіппен жүзеге асырылу қажет екеніне баса назар аударып, қазіргі уақытта ислам дінін тарату, уағыздау, сондай-ақ кез-келген діни рәсімдер мен іс-шараларды жасау құқығы тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның құрамына кіретін мешіттер мен медреселерде ғана бар екенін атап өтті.

«Ал, «Мұрагер» болса ҚМДБ-ның құрамына кірмейді» - деп Д.Зайырұлы сөзін әрі қарай жалғастырды.

Дін мәселелері бойынша сұрақтарға жауапты мешіттердің имамдары мен өзге де жауапты қызметкерлерінен алған жөн болатынын тілге тиек етті.

Орын алған жағдай бойынша Ертіс ауданы орталығындағы «Ержан» мешітінің бас имамы Бақытбек Төлегенмен де сұхбаттастық. Мешіт басшысы да Павлодар облысы аумағында бірден бір «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжі» бар екенін растады. Бұл медресе жоғары санатты мамандармен қамтамасыз етілгенін, оқыту бағдарламалары мен процестері білім саласына жауапты мемлекеттік органдармен бекітіліп, қадағаланатынын, жыл сайын шәкірттер қабылдап, оларға діни және зайырлы ілімді үйретіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүргенінен хабардар етті.

Имамның сөзі бойынша, «Мұрагер» медресе емес, тек қайырымдылық мекемесі ғана, ол Мүфтияттың құрамына кірмейді. «Белгісіз тұлғалардың ауылдарды аралап, өздерін медресеміз деп таныстыруы шындыққа жанаспайды, себебі Павлодар өңірінде жоғарыда айтылған «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінен басқа медресе жоқ» - деп әңгімесін жалғастырды.
Ауданның мешіт қызметкерлері мүмкіндігі болғанша ауыл адамдарымен кездесіп, оларға осы ресми медресе туралы мәліметтерді жеткізіп, мүмкіндіктерін жарнамалап тұратыны белгілі болды. Өз сөзін тәмамдай келе, аудан имамы тұрғындарды жалған ақпаратқа ермеуге, «медресе», мешіт, Мүфтият атын жамылып, теріс мәліметті беретін ұйымдар мен тұлғалардан барынша сақ болуға шақырды. Туындаған сұрақтар бойынша өзіне немесе аудандағы басқа мешіттердің қызметкерлеріне жүгінуге кеңес берді.

Алдындағы малымен күнделікті нәпәқасын тауып, сол малымен жан асырап отырған аңғал ауыл тұрғынының тірлік көзі - малын аузынан жырып әкету, дін жолында жүрген салиқалы азаматтарды былай қойғанда, қарапайым пенденің өзіне жараспайтын шығар.

Әркім мал, жан амандығы үшін кімге болсын садақасын берер. Бірақ әлгі азаматтар полиция қызметкеріне өздерін Алматы қаласының «Алматы Сайран» қайырымдылық мекемесінің өкілдеріміз деп, барған ауылдарына Павлодардағы «Мұрагер» медресесінің ұстаздары едік деп таныстыруларының сыры неде? Көңілге күдік ұялатып тұрғаны осы. Олар шын мәнісінде дін жолында жүрген жандар ма, жоқ әлде олардың атын жамылып жүргендер ме? Келеңсіз жағдайдың осы тұсы бізге түсініксіз күйінде қалды.

Әлгі азаматтардың осы ісі, қайырымдылық та емес, мейірімділік те емес, тек қана қара бастың қамы үшін жасалған қарекет пе деген күдікті ой, көңіл көгін кіреукелеп тұр.

Ізгіліктің көріп көз, айтып сөз жетпес биік мұнарасы - исламның ақ жолында жүрген жандар жалған сөйлесе, қалғанымызға не жорық? Бәрінен бұрын дін жолында жүрген азаматтардың бұл әрекетінен тақуа болмаса да дінге бойұсынып, ізгіліктен келешегін іздеген жастарды үркітіп алмаймыз ба? Кемелді келешегіміз үшін басты мәселе осы.

Сөз соңында айтарымыз, өзінің өзегі үшін алыс ауылдарға сапарға шығып, жақсының атымен сөйлеп, жаман іс тындырып, асыл діннің мейірімі мол кеңқолтық шапанын жамылып жүрген жандардан сақ болыңыздар «Алла» деген ағайын!

Самат Мәненұлы

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Количество показов: 1098

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарлық спортшы Азия мен Океания чемпионы атанды
19:35 09.12.2021  4

«Қазақфильм» «Өліара» тарихи фильмінің түсірілімін аяқтады
19:06 09.12.2021  7

Полицейлер Павлодар облысында 2500 құқықбұзушылықтың жолын кесті
18:33 09.12.2021  18

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер
18:13 09.12.2021  14

«Нұротандықтардың» Павлодардағы бас ХҚКО-ның жұмысына көңілі толмайды
17:42 09.12.2021  26

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
17:11 09.12.2021  23

Павлодарда жас ақындардың тәуелсіздікке арнаған жыр жолдарының жинағы жарық көрді
16:48 09.12.2021  88

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді
16:26 09.12.2021  26

Мереке қарсаңында Ертіс ауданының құтқарушыларына сыйлықтар тапсырылды
16:01 09.12.2021  30

Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды
15:28 09.12.2021  37

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы: Не өзгерді?
15:08 09.12.2021  44

Қазақстан жолдары: Сала мен сапа
14:35 09.12.2021  32

Өңірімізге еңбек сіңірген бірқатар адамдарға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
14:06 09.12.2021  37

Шарбақты ауданы тазаланбаған жолдар үшін Павлодар компаниясымен соттасуда
13:02 09.12.2021  40

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы
12:35 09.12.2021  35

Павлодарда «Есіңе мені алғайсың» премьерасы өтеді
12:03 09.12.2021  47

Павлодарлық дәрігерлер көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
11:30 09.12.2021  50

Павлодарлық тұрғыннан психотроптық зат тәркіленді
11:08 09.12.2021  51

Екібастұзда өрт сөндіруші түтін басқан пәтерден төрт жасар баланы алып шықты
10:39 09.12.2021  23

Павлодар облысының алты ауданында бастауыш сыныптар аязға байланысты онлайн режимге ауысты
10:07 09.12.2021  51

Экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлердің бірі - Павлодар облысы
09:35 09.12.2021  48

COVID-19: Павлодар облысында тәуліктік көрсеткіш жаңартылды
09:03 09.12.2021  22

Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті
08:41 09.12.2021  80

9 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:04 09.12.2021  56

Биліктің мұрны «иіс сезбей» отыр. Ақылы сырғанақтың жыры. Суық пәтерде бүрсеңдеуде.
22:14 08.12.2021  55

«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?
21:40 08.12.2021  69

Павлодарда музыка мектебінің түлектері ерекше концерт өткізді
21:06 08.12.2021  33

Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін жариялады
20:33 08.12.2021  87

Павлодар облысының бас дәрігері: Қонаққа баруды қою керек
20:07 08.12.2021  79

Covid-19: Павлодар облысында өкпесі толық зақымданған жаңа босанған әйел көз жұмды
19:35 08.12.2021  78

Коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс павлодарлықтар қашан толық екпе алады?
19:04 08.12.2021  88

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
18:28 08.12.2021  85

Павлодар облысына жалғыз Олимпиада жүлдесін ұтып берген спорт түрінің халі қалай?
18:12 08.12.2021  118

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
17:43 08.12.2021  98

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді
17:03 08.12.2021  90

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемін алуға байланысты мәлімдеме жасады
16:36 08.12.2021  100

Павлодарлық хирургтар күйіктен кейін бірегей ота жасайды
16:04 08.12.2021  112

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
15:37 08.12.2021  88

Павлодарлық келіншектен 5 млн теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті
15:06 08.12.2021  117

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады
14:24 08.12.2021  100

Павлодарда қант зауытын әзірлеуге Түркия компаниясы кірісті
13:32 08.12.2021  105

Павлодарлық ветеринар Грэпплинг Ги спортынан ел чемпионатының жүлдегері атанды
13:07 08.12.2021  104

Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті
12:29 08.12.2021  105

Павлодар облысында ірі қара мал сатып алған шаруалар тығырыққа тірелді
12:01 08.12.2021  123

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
11:34 08.12.2021  110

Павлодарға Түркиядан келген профессор IT студенттеріне дәріс оқиды
11:02 08.12.2021  150

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?
10:33 08.12.2021  127

Ақсуда спорт кешенінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
10:02 08.12.2021  123

COVID-19: Павлодар облысында эпидахуал тұрақты
09:33 08.12.2021  126

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
09:01 08.12.2021  119

Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін
08:23 08.12.2021  173

8 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:01 08.12.2021  125

Усолка шағын ауданында кейбір үйлерде су болмайды
21:07 07.12.2021  147

«Жеңілдікпен массажер сатамын»: Павлодарда алаяқтар зейнеткерді алдап кеткісі келген
20:32 07.12.2021  158

Павлодар облысында бала емізетін 600-ге жуық әйел Pfizer екпесін алған
20:07 07.12.2021  159

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды
19:22 07.12.2021  172

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өтеді
19:05 07.12.2021  164

ДДСҰ безгектен өлім көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді
18:35 07.12.2021  154

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадан ресейлік екі азамат өте алмады
18:04 07.12.2021  178

Парижде Абай бюсті ашылды
17:40 07.12.2021  179