Баламасы жоқ бірегей зауыт
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Баламасы жоқ бірегей зауыт 23.12.2021

Баламасы жоқ бірегей зауыт

Бүгінгі күні төрткіл әлемді шарлайтын жолаушылар және жүк пойыздарының барлығы дерлік Екібастұз қаласында дайындалған бөлшектердің арқасында жолға шығып жүр. Кеншілер шаһары деп аталып кеткен моноқалада көмір өнеркәсібімен қатар, теміржол кластері қарыштап дамып келеді. Егер мұндағы кәсіпорындар болмаса, отандық және алыс-жақын шетелдегі теміржол компанияларының вагонсыз, бұрамасыз, бағыттауышсыз қалатын түрі бар. Бұл бөлшектер болмаса, пойыздардан да пайда жоқ.

Таптырмас бөлшектер

Тәуелсіздік жылдары Екібастұз қала-сының экономикасы әртараптандырылып, теміржол саласына қарай бет бұрды. 30 жыл аралығында мұнда мықты кластер қалыптасты. Айталық, «Проммашкомплект» - толыққанды дөңгелектер мен дискілерге арналған әр түрлі құрылымдық бөлшектерді өндіретін еліміздегі алғашқы және әзірше жалғыз кәсіпорын. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған зауыт диаметрі 700 миллиметрден басталып, 1250 миллиметрге дейін жететін дөңгелектердің жылына 300 мың данасын шығарады. Кейін оның барлығы отандық және шетелдік нарыққа жөнелтіледі. Бүгінде екібастұздық компанияның өнімдері ТМД елдері тарапынан зор сұранысқа ие.

«Проммашкомлект»-тің іске қосылуы нәтижесінде «Қазақстан теміржолы» АҚ импорттық тәуелділіктен арылып, «Қазақстанда жасалған» белгісі қойылған дөңгелектерді пайдалануға көшті.

Жалпы, бұл кәсіпорын Екібастұздағы теміржол кластерінің «жолын ашты» десе болады. Одан соң әр жылдары бұрамалар мен бағыттауыштарды, вагондар мен осьтерді дайындайтын кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі таңда екібастұздық теміржол кластері алты өндірістік компанияны біріктіріп отыр. Мұнда барлығы 300 мың дана теміржол дөңгелегі, 850 жұп бағыттауыш білдек, 42 мың теміржол осі, 20 мың дөңгелек жұбы және рельстік байланыстыру үшін қолданылатын 3 млн пластикалық элемент өндіріледі.

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын олардың қатарын клеммалар мен құрсаулар шығаратын кәсіпорын толықтырды. Атап айтқанда, қараша айында облысқа жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «R.W.S. BINDING» зауытының жаңа цехын іске қосты. Сөйтіп, шағын шаһарда тағы бір өндірістің қазығы қағылды.
- Бүгінде Екібастұз теміржол бөлшек-терін жасау орталығына айналды. Елімізде шығарылатын бұл өнімнің 73 пайызы осы қалада дайындалады. Мұнда жыл сайын теміржол саласына қажет 85 миллиард теңгенің өнімі шығарылады. Оның 70 пайызы экспортталады. Оған қоса, бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ зауыт іске қосылды. Бұл жерде халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін компоненттер өндіріледі. Жаңа өндіріс толық күшіне енгеннен кейін «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды импорттамайтын болады. Кәсіпорын отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенімдімін, – деген еді цехтың ашылу салтанатында Қ.Тоқаев.
«R.W.S. BINDING» ЖШС басшылығының мәліметі бойынша, жаңа өндіріс орнына еуропалық және ресейлік инновациялық құралдар қойылды. Заманауи құрылғылар жылына 3 млн дана бекіту компонентін шығаруға мүмкіндік береді. Яғни, мұнда 12 млн клемма мен осынша жол бұрандасы дайындалады. Бұл бөлшектер теміржол құрылысы, жөндеуі мен қайта жаңғырту жұмыстары кезінде қолданылады. Рельстерді қауіпсіз бекітудің әлемдік стандарттарына да сай келеді. Осылайша, елімізде бұрын-соңды болмаған тағы бір теміржол өнімі нарыққа жол тартатын болды. Тозығы жеткен теміржолдарды қайта қалпына келтіру кезінде міндетті түрде клеммалар қолданылады. Құрылыс, жөндеу барысында ол болмаса, жолдың сапалы болуы екіталай. Мұндай бөлшектерді жасайтын кәсіпорындар бұған дейін Германия мен Австрияда ғана болған еді. Енді біздің елде де бар.

Мамандарды оқыту да - маңызды

Осы орайда жаңа цехта қызмет ететін мамандарды оқыту, олардың біліктілігін арттыруға да ден қойылғанын атап өту керек. Қазіргі таңда клеммалар, құрсаулар шығарумен 160 адам айналысады. Олар кәсіпорын жанындағы оқу орталығында мамандықты меңгере алады. Сондай-ақ, зауытқа қойылған қондырғыларды дайындаған компания өкілдері құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жергілікті мамандарға оларды басқарудың тетіктерін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті. Соның нәтижесінде бір айдан астам уақыт бойы теміржол бөлшектерінің өндірісі үздіксіз жүргізіліп келеді. Дайын өнімдер бірден «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясына жөнелтіледі.

Ал келесі жылы кәсіпорын басшылығы қуаттылықты арттыруды көздеп отыр. Отандық нарықты 1,5 млн жинақ, 1 млн дана клемма және 1 млн бұрандамен қамтып, қалғанын көршілес Ресей мемлекетінің нарығына жеткізбек. Сол арқылы шетелдік өнімдерден бас тартып, жергілікті нарықты қамтып, теміржол бөлшектерін экспорттауға мол мүмкіндік жасалады.

Теміржол кластерін дамыту ісі мұнымен шектеліп қалмайды. 2024 жылы Екібастұз қаласында жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын тағы бір іргелі жоба жүзеге аспақ. Яғни, үш жылдан соң бандаждар өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Сол арқылы шағын шаһардағы кластер одан әрі дами түспек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Количество показов: 4573

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар колониясында соңғы қоңырау соғылды
21:14 28.05.2022  37

Павлодарда Испаниядан оралған науқасты ауруханаға жатқызу бойынша оқу-жаттығу өтті
20:11 28.05.2022  47

Қазақстанда «Kids Go Free» жобасы қалай жұмыс істейді
19:35 28.05.2022  49

Тағы біреуі көз жұмды: Павлодар облыстық полиция департаменті улануға қатысты оқиғаның мәнжайын айтты
18:38 28.05.2022  85

Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті
18:04 28.05.2022  66

Павлодар қаласының әкімі жағалаудың қалай өзгеретінін көрсетті (ВИДЕО)
17:31 28.05.2022  67

Ертіс ауданында уланып қалған төрт адам қайтыс болды
17:09 28.05.2022  76

Ақсу ауылдық аймағында құрғақ шөп жанды (ВИДЕО)
16:02 28.05.2022  70

Павлодарда Ертістің сол жағалауында қансорғыштарды улау жалғасуда
15:08 28.05.2022  78

Павлодарда сұр-жасыл түсті зат алып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
14:42 28.05.2022  99

Павлодарда ескі үйден мылтықтар мен мыңға жуық оқ табылды
14:15 28.05.2022  87

Павлодар облысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ай сайын қабылдау өткізеді
13:11 28.05.2022  99

Қазгидромет күздік бидай өнімділігінің болжамын жасады
12:13 28.05.2022  106

Өскемендік зейнеткер қонақта отырып павлодарлықтың атынан млн теңге несие алған
11:11 28.05.2022  105

Каспий жағалауында тағы бір итбалықтың өлексесі табылды
10:10 28.05.2022  112

Павлодарда қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алды
09:13 28.05.2022  204

Бразилияға аштық қаупі төнді
08:45 28.05.2022  120

28 мамырда Павлодарда күндіз жаңбыр жауады
08:02 28.05.2022  124

Павлодарда армандар тақтасы пайда болды
22:07 27.05.2022  186

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Көмірлі өлкенің күрмеуі көп. Рәміздерде елдің жігері бар.
21:31 27.05.2022  184

Павлодар облысындағы колледждердің алты студенті «ITeachMe» жастар инклюзивті лагеріне қатысады
21:08 27.05.2022  175

Павлодар облысында жемқорлықпен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
20:39 27.05.2022  216

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ
20:04 27.05.2022  191

Павлодар облысында мәдениет журналы шығып тұрады
19:30 27.05.2022  204

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгені құрайды
19:02 27.05.2022  199

Екібастұзда мамықтың кесірінен дүкеннің төбесі жанып кетті (ВИДЕО)
18:21 27.05.2022  196

«Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын»: Павлодар облысында мәдениет қызметкерлері марапатталды
18:01 27.05.2022  202

Кенжекөлде көпір жаққа кеткен адам тоғыз күннен бері табылмай жатыр
17:42 27.05.2022  207

Қазақстандықтар бір күнде ең кемі 2,2 доллар жұмсайды
17:36 27.05.2022  192

Павлодарда қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге қатысты өзгеріс енгізілді
17:05 27.05.2022  219

Екібастұзда оқушылар мерейтойға орай ертегілер жинағын шығарды
16:45 27.05.2022  209

Демалыс күндері солтүстікте 2 градус үсік күтіледі
16:16 27.05.2022  205

Павлодарда 150 аулаға балалар алаңын орнату жоспарлануда
15:43 27.05.2022  203

Биыл кейбір өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
15:02 27.05.2022  205

Павлодарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі туралы айтылды
14:26 27.05.2022  236

Павлодарда қыс жылы өткендіктен су мен жылу құбырларында апат аз болды
13:31 27.05.2022  236

Қазақстан ғалымдары артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
13:03 27.05.2022  215

Павлодар облысында меценаттар мен демеушілер 500-ден астам балаға жолдама сыйлайды
12:32 27.05.2022  214

Павлодарда «Ertis Рromenade» маусымының ашылуына Қайрат Нұртас келеді
12:07 27.05.2022  246

Павлодарда қыз үшін жаппай төбелес шықты (ВИДЕО)
11:25 27.05.2022  302

Успен ауданында егіз бұзаудың біреуін ұрлаған бақташыға қатысты сот үкімі шықты
11:04 27.05.2022  231

Жылап тұрды: Павлодарда өзенге шыққан бала табылды (ВИДЕО)
10:36 27.05.2022  253

Павлодарда гүлзарлардың ауданы екі есеге артты (ВИДЕО)
10:03 27.05.2022  261

Таң атқанша ұйқы жоқ! Павлодарда би кешін ұйымдастырған жастар жазаланды
09:36 27.05.2022  244

Павлодарда экологтар қоқыс полигонынан шыққан өртке қатысты тексеріс жүргізді (ВИДЕО)
09:03 27.05.2022  254

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
08:34 27.05.2022  280

27 мамырда Павлодарда жел күшейеді
08:02 27.05.2022  269

Облыс әкімі Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарын қорытындылады (ВИДЕО)
23:22 26.05.2022  262

Павлодарда арнайы балабақшалар ата-аналар үшін диалог алаңдарын өткізеді
21:34 26.05.2022  283

Павлодар облысында «шаффл- Party» өтеді
21:07 26.05.2022  292

Павлодарда 28 мамыр күні кезекті ауыл шаруақылық жәрмеңкесі өтеді
20:38 26.05.2022  324

Павлодарда кәсіподақ қозғалысының өкілдері референдумды қолдады
20:07 26.05.2022  360

Павлодардың оңтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
20:06 26.05.2022  309

Тереңкөлде малшының қараусыз қалған жер телімі тәркіленді
19:33 26.05.2022  303

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы көпқабатты үйдің терезесінен құлаған баланың жағдайымен танысты
19:11 26.05.2022  324

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы ең түйткілді мәселелерге тоқталды
18:20 26.05.2022  291

Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті
18:01 26.05.2022  287

Баянауылда ауылдастарымен жанжалдасқан әкімі қатаң сөгіс алды
17:20 26.05.2022  311

Екібастұзда «Ерекше үйге» ешбір қауіп төнбейді
17:02 26.05.2022  294

Павлодардың солтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
16:28 26.05.2022  314