Аталмыш бөлімнің әскери қызметшілері Павлодар қаласының шеткі бөліктерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп қызметтерін өтейді. Өткен жылы сарбаздар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде тәртіпті күзетуге атсалысты.


- Сіздер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде кәсібиліктің жоғары дәрежесін көрсеттіңіздер, - деп құттықтады Иван Кузяков. – Сонымен қатар, «Дабыл-2018» республикалық оқу-жаттығуындағы қаупсіздік кеңесінің тексерісінде еңбектеріңіз сіңді. Командир ретінде сіздермен қызмет атқарғаныма қуаныштымын. Сіздер конституциялық борыштарыңызды абыроймен атқардыңыздар.

«Жедел әскери қызметшілерді» алғыс хаттармен және қала әкімі мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, №55 12 бөлімінің командирі атынан медальдермен марапаттады.



Сонымен қатар, 15 офицер жаңа әскери шен алып, аға лейтенант атанды.



- Бөлімдегі борышын өтегендердің орынына 16-маусымда Батыс Қазақстан облысынан 110 жас сарбаз келеді, - деді №55 12 бөлімінің тәрбиелік әлеуметті-құқықтық жұмыс тобының басшысы Ансар Шакенов. – Олар – Орал мен Ақтаудың жігіттері.

Жаңа ауысымдағыларды Астананың 20 жылдық ауқымды тойына орай елордада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетуге үйретеді.

Дулат Райымбек
Фото: Маргарита Чудакова

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, әскер, әскери қызметшілер, сарбаздар, қоғам