Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

- Логотип жасау кезінде команда имиджінің жаңаруы әрі тарихи дәрежесі де ескерілуі тиіс, - деді баспасөз қызметінде. – Логотипте көк және ақ түстер, клубтың атауы "Ertіs", команданың көпжылдық тарихы, бес дүркін чемпиондық дәрежесі бейнелену керек. Жаңа логотип жобасы бірегей болуы тиіс, яғни өзге клубтардың белгілері қайталанбағаны жөн. Толық ақпарат fcirtysh.kz сайтындағы сайыс туралы ережеде жазылған.

Жұмыстарды қабылдау 2018 жылдың 10-шы тамызына дейін жүзеге асады. Сайыс нәтижесі тамыз-қыркүйек айларында белгілі болады.

Жеңімпазға демеушілер тарапынан 50 мың теңгелік сыйақы және "Топ Стар Atrium" фитнес-клубның бір жылдық абонементі табысталады.

«Ертіс» ФК маркетинг бөлімі эскиздерді А4 форматындағы қағаздар, СD-диск және флеш-карталар арқылы қабылдайды. Біздің мекенжайымыз Луначарский, 50 ("Юность" манежі), email: marketing@fcirtysh.kz. Анықтама телефоны: 61-95-05

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: