- Аппараттық жиындардың барлығы онлайн режимде өтуі үшін коммуникация тарту керек, - деді Болат Бақауов аппарат басшысы Ағымбай Амиринге. – Үкімет отырысындағы тәрізді  кез келген адам сайтқа кіріп қарай алатындай жағдай жасау қажет. Әрине, бұл жерде БАҚ өкілдері жұмыс істейді. Дегенмен, жұртшылық онлайн режимі арқылы атқарылып жатқан істерден уақытылы хабардар болып отырады.

Облыс әкімінің пікірінше, мұндай шараның нәтижесінде есептік кезеңдегі көптеген сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі туындайды әрі интернетті пайдаланушылар жиын барысында көтерілген мәселелердің куәсі болады.  Бұған қоса, тұрғындар басқарма  басшыларының есебін тыңдай алады.  

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ольга Бугаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, Болат Бақауов, қоғам, онлайн