Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, екпінді жел, найзағай болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с артады. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында түнде жел 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15 м/с артады.

pavlodarnews.kz

Тэги: