Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаева осы мәселеге қатысты өз ұстанымын жеткізді.

- Мамыр айының 2-3 күндері Ақсу қаласының аумағында беймәлім тұлғалардың өндірістік күлді бейберекетсіз жинастыруы орын алды, - дейді Әйгерім Қабылтаева. – Аталған күл үйіндісі ХХ ғасырдың 70-жылдары қалалық әкімдік қарамағына өткізілген. Ол жерде жұмыстар жүргізуге біздің басқарма, әкімдік немесе «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» тарапынан ешқандай рұқсат берілмеген.

Мамыр айының басында болған заңсыз әрекет тыйылып, күл үйіндісіне күзет орнатылған. Десек те, баспасөз мәслихаты кезінде ол жердегі бейберекет жұмыстардың жалғасып жатқаны анықталды. Әйгерім Қабылтаева бұл жайтты ескеріп, Ақсуға қайтадан барып тексеріс жүргізетініне уәде берді.

Мамандар ақсулық күлдің қандай мақсатқа пайдаланатынын және неден тұратынын айтпады. Айтуларынша, оған арнайы химиялық сараптама жасау керек. Тек содан кейін ғана күл үйіндісін алып тастауға лицензия беріледі.

Айбек Жұматов

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: күл үйіндісі, Ақсу, жер қойнауын пайдалану