Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылық кооперациясы бөлімінің басшысы Нұралы Қабиев мәлім етті.

- Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен шағын несие беретін ұйымдар бекітілді, - деді Нұралы Қабиев. – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 1 миллиард 71 миллион теңгеден астам және «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ 714 миллион теңгеден астам қаржыға несие береді. Шағын несиелеудің қаржысы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Мәселен, ірі қара және ұсақ мал, жылқы, жем әзірлеу техникасын сатып алуға жұмсалады. Ауыл шаруашылығы емес бағытында жұмыс істейтін кәсіпкерлер құрылыс материалдарын шығару, кулинарлық өнімдерді пісіру, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру, жүк және жолушылар көлігін сатып алу бағытында өз бизнестерін аша алады.

Несиелеу тәртібі бұрынғы шарттар негізінде, шағын несиенің мерзімі – 5 жылға дейін. Мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласында – 7 жылға дейін.

Шағын несиенің максималды сомасы – 2,5 мың АЕК-ке дейін (6,3млн теңге), зәкірлі кооперацияны дамыту үшін – 8 мың АЕК-ке дейін (20,2 млнтеңге). Сыйақының номиналды ставкасы - 6 пайыздан артық емес.

- Қазіргі жағдай бойынша жалпы сомасы 194,7 миллион теңгенің 33 жобасы қаржыландырылды, - деді Нұралы Қабиев. – 33 жоба аясында 32 тұрақты жұмыс орыны құрылды. Яғни, бағдарлама қаражатының 10 пайызы игеріліп отыр.

Сонымен қатар, шағын несиені кепілдендіру бойынша азаматтарға «КазАгроГарант» АҚ ПФ көмек көрсете алады.

- Егер несие алушының кепілге қоятын мүлкінің құны белгілі мөлшерге жетпей тұрса, аталған ұйым несиені кепілдендіреді, - деді бөлім басшысы. – Жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлердің несиесін 85 пайызға дейін кепілдендіре алады. Бұл шараларды жүзеге асыру мақсатында операторға 63,5 млн теңге жіберілді. Бүгінде 7,5 млн теңгенің несиесін кепілдендіруге 1 өтініш мақұлданды. Жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын тағы үш жоба қарастырылуда.

Айта кетейік, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бөлінген қаржы толық игерілді. 408 жоба қаржыландырылып, 603 тұрақты жұмыс орыны ашылды. Оның ішінде 267 стартап жобаға 1 млрд теңгеге несие берілді. Бұл шамамен қаржының 57,7 пайызын құрайды.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, шағын несие, кәсіпкерлік, бизнес, экономика