13-15 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 14-15 маусымда кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақытта жер қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 13 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с болады. 13 маусым күні Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: