Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Халықаралық компаниялар тарапынан қызығушылықтың артуы «Павлодар» АЭА-ның жаңа маркетингтік стратегиясына негізделген, - дейді арнайы экономикалық аймақтың басшысы Айбек Тұрсынғалиев. - SINICO орташа және үлкен металл бөлшектерді өндіру үшін қолайлы айналмалы берілісі бар автоматты кесу және соңғы өңдеу автоматтарын жобалау және жасауға маманданған.

Арнайы аймақ басшысының айтуынша, бұл халықаралық компания икемді станоктарды өндіру саласындағы ең маңызды, сенімді және бәсекеге қабілетті ойыншылардың бірі болып табылады. Жақында Виченца қаласында Sinico және La Triveneta Cavi компанияларымен іскерлік кездесу болып өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда, атап айтқанда Павлодар облысының аумағында жаңа өндірістерді іске асырудағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

- Екі компания да «Павлодар» АЭА - ның тиімді жағдайында жоғары қызығушылық танытты және өткізу нарығы мен шикізатқа талдау жүргізілгеннен кейін 2020 жылы өз жобаларын жүзеге асыруға ниетті, - деп атап өтті АЭА. - Сонымен қатар, біз тағы бір жобамен белсенді жұмыс істейміз.

Ресейден арнайы минералды толтырғыштар мен кешенді қоспаларды өндіруші «Гранула-СпецЦемент» және KUSTO Group халықаралық инвестициялық компаниясы KAZCENOSPHERE ' S компаниясын құрды және біздің арнайы аймақтың резиденттері болды. Олар өнеркәсіптік минералдық шикізатты өңдеу және ресурс үнемдеу бойынша кәсіпорындар кластерін құрумен айналысатын болады. Жаңа жоба 2019 жылдың соңына дейін іске қосылады. Ол бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен бес миллиард теңгені құрайды.

 

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика