Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогына 110-нан астам спортшы қатысты, - деді баспасөз қызметінде. – Еліміздің 12 өңірінен келген атлеттер 36 жекелей сыннан және 4 эстафетадан бақ сынады. Ұлттық құрама сапындағы бірнеше белді спортшыларымыз қатысқан жарыста олимпиада нормативі де орындалды.

Павлодар облысының спортшылары қоржынға 15 медаль салды.

Ерлер арасында 100 метрге жүгіруде Дамил Сүтжанов алтыннан алқа тақса, Сергей Русак күміске қол жеткізді.

400 метр қашықтықта Александр Безруков 2-орын еншіледі. Дмитрий Шеглов 5000 метрге жүгіруде күміс, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде қола медаль тағынды. Ал, Вячеслав Семенчук ядро серпуден 2-орынға табан тіреді.

Әйелдер арасында Роксана Оспанова 100 метрге жүгіру мен аталған қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден қарсыластарын басып озып, алтын медаль иегері атанды. Ольга Богомолская да 5000 және 10 000 метрге жүгіруден 1-орынды жеңіп алды.

Юлия Сүтжанова 100 және 200 метрге жүгіруде қола медальді қанағат тұтты. Қос медаль алғандардың қатарында Дина Афанасьева да бар. Ол 5000 метрде 3-орын, 10 000 метрде 2-орын иеленді.

400 метр қашықтыққа жүгірген Ирина Паршкова күміс медальге лайық деп танылды.

Оразбек Саяхат
Фото: qazathletics.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жеңіл атлетика, спорт