Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жаңа оқу жылы қарсаңында Екібастұз қаласында 150 орындық «Еркем-ай» балабақшасын қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталғанын жеткізді.

- Жылдың соңына дейін Екібастұз қаласында 50 орындық және Павлодарда Солнечная көшесі, 5 мекенжайы бойынша 45 орындық жеке меншік шағын орталық ашу көзделіп отыр. Железин ауданы Жаңажұлдыз ауылында 60 орындық шағын орталық ашылады, - деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Өңірде 1 жастан 6 жасқа дейінгі 43654 бала қамтылған (80,1%) 159 балабақша және 245 шағын орталық жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту 38055 баланы (100%), мектепалды даярлықпен қамту 100% (4571 бала) құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан 1152 бала контингенті бар 11-і (8 балабақша, 3 шағын орталық) жеке меншік болып табылады.

 Ақбота Сейсенбаева

 Фото: автор

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім