Әділет министрлігінің бұйрығымен тағайындалған ведомство басшысын аппараттық жиын барысында аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды. Павлодар облысының әкімі жаңа басшының әділет жүйесінде және орталық аппаратта тәжірибесі мол екенін атап өтті.

- Ернар Сейдімбек кеңесші қызметінен департамент басшысына дейін көтерілген, - деді әкім. – Әр жылдары Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында әділет басқармасын басқарған. 2016 жылдың ақпан айынан бастап тағайындауға дейін Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы болған.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz