Көңілді тапқырлар арасындағы сайысқа өңіріміздің Павлодар, Екібастұз және Ақсу командаларынан бөлек, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Көкшетау және Семей қалаларының жалпы саны 11 команда қатысты.

Павлодар облысы жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Төлеген Айтбаевтың айтуынша, облыс әкімінің кубогі үшін Jaidarman ойындары Жастар жылы аясында тұңғыш рет өткізілді.

- Әділ қазылар алқасы белгілі сатирик Көпен Әмірбек, «Қазақ аруы-2019» байқауының жеңімпазы Сәния Темірқанова, Қазақстан КВН одағы жоғары лига бас редакторы Рүстем Елжанов секілді танымал тұлғалардан тұрды. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жүлде қоры – 1 000 000 теңгені құрады, - дейді Төлеген Айтбаев.

Jaidarman нәтижесінде үшінші орынды нұр-сұлтандық «Евразият» пен «Тұран» екі тобы иеленсе, екінші орын семейлік «Элемент» командасына бұйырды. Облыс әкімі Болат Бақауовтың бас жүлдесі, яғни 500 мың теңгелік сертификатқа жергілікті Павлодар жастар құрамасы ие болды.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Музалевская

pavlodarnews.kz

Тэги: Жайдарман, Jaidarman, КВН, жастар, мәдениет, Болат Бақауов