Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмова мәлім еткендей, Павлодарда өзге аймақтардағыдай дүрлігу орын алмау керек.

- Барлық полицейлер пәтерлерді аралап адамдарды тексереді деп ойламаңыздар, олай болмайды. Мұндай шаралар тоқсан сайын арнайы мерекелер кезінде ғана орын алады. Егер біреулерден пәтерде зорлық-зомбылық көрсетті немесе пәтерде шулап жатыр деген арыздар түссе, тұрғындардың құжаттары тексеріледі. Мысалы қызы анасының үйіне қонаққа келсе, оған ХҚКО-на жүгіру міндетті емес. Негізінен тек шет ел азаматтары тексерілетін болады, - деді Баян Мағзұмова.

ІІД-нің ақпаратына сүйенсек, ХҚКО-да тіркелу уақыты орташа есеппен 15 минутты алады.

Баспасөз басшысының айтуынша, әрбір учаскелік инспектор өзіне жүктелген ауданда қанша және қандай адамдар тұратынын білу керек, сондай-ақ әр тұрғын өз инспекторын жақсы тану керек, алаяқтарға тап болып қалмас үшін.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz