-  Павлодарлық команда үш күн бойы Алматы қонақ үйлерінің бірінде рейсті күтті. Бүгін ешқандай бөгетсіз Алматы-Стамбул-Анталия бағыты бойынша сапарға шықты, - дейді  «Ертіс» ФК-ның баспасөз қызметкері Адлет Сәрсенбеков.

Айта кетейік, «Ертістің» оқу-жаттығу жиыны 9-қаңтарда Белек қаласында басталу керек болатын. Димитар Димитров бастаған команданың жиыны 22-қаңтарға дейін жалғасады.

Бірінші оқу-жаттығу жиынына келесі ойыншылар аттанды: Давид Лория, Никита Калмыков, Серікбол Капанов, Руслан Есимов, Илья Воротников, Владислав Чернышов, Багдат Оразалиев, Валерий Леньков, Мейрам Сапанов, Александр Соколенко, Александр Кислицын, Пиралы Алиев, Аслан Дарабаев, Қазбек Гетериев, Рамиз Муканов, Талғат Сарсембаев, Мадьяр Рамазанов, Артем Попов, Вадим Боровский, Анатолий Богданов, Илья Калинин, Карлос Фонсека мен Арман Смаилов. Оқу-жаттығу кезінде басқа да жаңа ойыншылар қатарға қосылады.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz