Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Атырау, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.  Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, Жалаңашкөл ауданында екпіні  22-27 м/с-ға дейін күшейеді.  Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс бөлігінде кей уақытта 30 м/с-ға дейін күшейеді.



pavlodarnews.kz