Олардың бірі - итальяндық табиғи былғары және жоғары сапалы экобылғарыдан жасалған сөмкелер мен рюкзактар шығаратын Gepherrini  грузин бренді.

- Бұл - эксклюзивті әшекейлер, - дейді аталмыш фирманың өкілі Юлия Доценко. - Сөмкелер мен портмоне қолмен жасалған. Олар іс жүзінде қайталанбайды, өйткені жеке коллекция. Аксессуарлар былғарыдан, табиғи тастан және ағаштан жасалған. Сөмкелер табиғи экобылғарыдан жасалуымен және ерекше пішіндермен ерекшеленеді. Бұл ерекше дүниелерді жақсы көретін ең стильді және батыл әйелдерге арналған. Сондай-ақ, маусымдық аяқ киім жиынтығы бар. Қазақстан бойынша бұл бұйымдар екі дүкенде  ғана ұсынылады.  Оның бірі Павлодарда «Артур» сауда үйінде орналасқан және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Мария Михайлюк ұсынады. Сондай-ақ интернет-дүкен  арқылы тапсырыс беруге болады.

GEPHERRINI компаниясын құру идеясы 2009 жылы пайда болған. Өндірістің өзі 2014 жылы Грузияда іске қосылды. Gepherrini бренді ресми түрде АҚШ, Украина, Қазақстан, Ресей және Франция нарықтарында бар.

«Раиса» сән үйі түрлі тастармен безендірілген аксессуарлар топтамасын ұсынды.

 - Дизайнер бір бантты үш сағат жасайды, кейде жарты күн кетеді, - дейді сән үйінің әкімшісі Малика Тәңірбергенова. - Ассортимент өте бай. Бұл банттарды өзіне ұнайтын танамоншақпен тағуға болады. Осылайша, күнделікті киетін киім үлгісін түрлендіре аласыз. Сондай-ақ қолдан жасалған картиналар мен ришелье стиліндегі және ұлттық өрнектермен әшекейленген жағалар, естелік сыйлықтар жасаймыз. Кез келген жастағы клиенттерге қызмет көрсетеміз. Барлығы 15 әйел жұмыс істейді. 

Сонымен қатар, қыз балаларға арналған киімдер шығаратын жергілікті Laurika тігін цехы мен басқа да қолөнершілер қатысты.

Айта кетерлігі, Павлодар облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының делегациясы 2019 жылы 4-6 шілде күндері Швейцарияда өткен Әйелдердің жаһандану саммитіне қатысқан.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам