Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Оқиға кеше, 21 қаңтар күні сағат 09.00 шамасында  Солтүстік өндірістік аймақ көшесіндегі автожолда орын алған. Зардап шеккен тұрғын жол бөлігіндегі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан. Салдарынан 56 жастағы әйел адам жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - дейді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам