Еске сала кетейік, Екібастұздағы жануарларға арналған баспанада жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын металл вагонның ағаш конструкциялары мен жапсарлас салынған ағаш қора толығымен жанып кеткен. Түтіннің ішінде 20-дан астам үй жануары тұншығып қалды.

Instagram әлеуметтік желісіндегі @ pravo_na_schaste парақшасында еріктілер өрт мысықтарға арналған тордағы жылытқыштың салдарынан орын алғанын айтады. Оны Павлодар қаласының мамандандырылған дүкенінен нормативтік талаптарға сәйкес келетін барлық құжаттармен сатып алған.

Өрт анықталғаннан кейін еріктілер ТЖ қызметкерлерін шақырып, олар келгенге дейін вагондағы жануарларды құтқаруға тырысқан.

- Бес күшік пен бір мысықты ғана шығара алдық, ал әбден үрейленіп бұрышқа тығылып қалғандарын аман алып қалу мүмкін болмады, - деп жазады жануарлар қорғаушылары. - Ауа райының қолайсыздығына байланысты өрт жылдам жайылды. Он мысық, он күшік және бір ит  өліп қалды.  Қалған жануарлар  аман.

Қазір қоғамдық қор жарма, ет,  жануарлар азығы, сондай-ақ вагонды қалпына келтіру үшін құрылыс құралдарын қажет етеді.  

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам