Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінt cілтеме жасап, tengrinews.kz хабарлады. Ведомстводағылар 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанда 197 059 шетелдіктің және 6 706 адамның азаматтығы жоқ екенін, сондай-ақ, елімізде 628 босқынның (142 отбасы) жүргенін айтты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстанға 2016 жылы 4 миллион 729 мың 450 шетелдік келген. Ал ішкі істер органдарында 725 миллион 890 мың шетелдіктің тіркелгені белгілі болды. Олардың 1 415 440 - жеке жұмыстармен келгендер, 53 789-ы - қызметі бойынша жіберілгендер, 224 779-ы - жұмыс істеуге келгендер, 12 613-і - туристер ретінде, 15 658-і - оқуға келгендер, 614-і - миссионерлер. Қазақстанға келген шетелдіктердің басым бөлігі Өзбекстан азаматтары (1 059 210 адам) екені белгілі болды. Сондай-ақ, Ресейден 157 227 адамның, Қытай Халық Республикасынан 100 981 адамның, Түркиядан 51 532 адамның және Тәжікстаннан 48 607 адамның келгені белгілі болды.

pavlodarnews.kz