Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Олар бір-бірімен аспаздық өнерлерін көрсетіп жарысты. Мерекелік кешті Қазақстандағы Малайзия елшілігінің ұйымдастырды. Оған еліміздегі Тайланд, Индонезия, Вьетнам елшіліктерінің дипломаттары мен олардың отбасы, сондай-ақ ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты аймағы департаментінің қызметкерлері қатысты.

Салтанатты кеш аспаздық өнерлерін паш етуден басталды. Әр елшілік аспаздары өздерінің ұлттық тағамдарын әзірлеп, фуршет жайды.

Дайын тағамның біреуін безендіріп, қазылар алқасына таныстырып, дәм татқызды. Қазылар алқасының құрамында Индонезия елшісі Рахмат Прамоно, Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман, Тайланд Корольдігі елшісі Расс Джали Чандра, Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Мелия Уай мен ҚР СІМ Азия-Тынық мұхиты аймағы департаменті директоры Нұрғали Арыстанов болды.

Индонезиялық аспаздар тобы ұлттық тағамдарын таныстырып, рецептімен бөлісті.

Тумпенг (Tumpeng) – индонезиялықтардың ұлттық тағамы. Тумпенгтің басты ингредиентінің бірі – күріш, ол кокос сүтіне қайнатылады не болмаса сары түс беру үшін куркума қосылады. Содан соң пирамида түрінде ыдыстың ортасына қойылды. Жан-жағын түрлі курылған көкөніс, тауық етімен, қайнатылған жұмыртқамен толтырылып ұсынылды.

Индонезиялықтардың айтуынша, тумпенгті 2014 жылы Мәдениет және туризм министрлігі ресми түрде ұлттық тағам ретінде қабылдаған. Бұл тағам елдегі түрлі аспаздық дәстүрін біріктіретін тағам болып есептеледі.

Таиландтық аспаздар

Том кха сорпасы. Әлем халқының сүйікті тағамы. Бұл сорпа денсаулыққа пайдалы.Том кха қайнату, пісіру деген мағынаны білдереді.

Тағамның жасалу жолы өте оңай. Оған тауық еті, кокос сүті, 2-3 лимон, саңырауқұлақ, 2-3 чили және т.б. көкөніс қосылып әзірленеді.

Вьетнамдық аспаздар

Спринг орамалары. Бұл – қуырылған не күріш қағазға оратылып жасалған жеңіл тамақ. Оның ішіне ет немесе балық, теңіз өнімдері (көбінесе асшаяндар), көкөністер мен жеміс-жидектерден салынып жасалады. Спринг-орамаларын "Ча Гио" деп те атайды. Дастарханға түрлі тұздықтармен ұсынылады.

Нэм орамасы. Мұны да күріш қағазынан дайындайды. Спринг орамаларына қарағанда ішіне салатын қоспалары әртүрлі. Сондай-ақ қуырылған нэм дәмдірек.

Малайзиялық аспаздар

Наси Лемак (Nasi Lemak). Жергілікті ұлттық тағам. Кокос сүтіне пісірілген күріш, жержаңғақ, қияр, қайнатылған жұмыртқа мен ащы самбал тұздығы қосылып әзірленді. Бұл тағамда ең басты қоспа – тұздық. Тұздық сәтті шықса, тағамның дәмді дайындалғаны. Бұл - Малайзияда таңғы, түскі және кешкі аста ішуге болатын қолжетімді тағам.

Аспаздар жарысынан кейін қазылар алқасы қатысушыларды медальмен және сыйлықпен марапаттады.

Жаңажылдық кеш сәнін ұлттық би жалғастырды. Индонезия елшілігі жанындағы мәдени орталықтың студенттері ұлттық бимен қонақтардың көңілін көтерді.

Сондай-ақ, кеш соңында малайзиялықтар өздерінің дәстүрлі киім үлгілерін көрсетті.

pavlodarnews.kz

Тэги: