Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов өзінің халық алдындағы есептік кездесуінде көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін қолдау туралы айтты.

- Мемлекет тарапынан көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға жүйелі қолдау көрсету мақсатында ауданымызда балабақшалар мен шағын орталықтарға тегін қабылдау, төменгі сынып оқушыларын жаппай тегін ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылды, - деді Қанат Кәрімов. – 2019-2020 оқу жылында аудандағы 26 мектепте 4448 оқушы білім алуда. Олардың 2804-і ыстық тамақпен қамтылған.

Ауданда тегін ыстық тамақпен 1-4-сынып оқушыларының барлығы (1980 оқушы) қамтылған. Ал, 5-11-сыныптарда оқитын 824 оқушы (33%) тегін тамақтанады.

Сонымен қатар, балабақшалар мен шағын орталықтарға аудандық бюджет тарапынан 12 млн 362 мың теңге  қаржы бөлініп,  132 бала (88 бала – бала бақша, 44 бала – шағын орталыққа) тегін қабылданды.

Оразбек Саяхат
Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: